АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі Қазақстанда 1998 жылдан бастап Чили үлгісі бойынша енгізілді. Бұл белгіленген көлемде міндетті жарналар аударылатын жеке зейнетақы шоттары бар жүйе, оған аударылған жарналар кейін жинақтар құнын сақтау және көбейту үшін әртүрлі қаржылық құралдарға инвестицияланады. Инвестициялық табыс жеке шоттарға күнделікті үлестіріліп тұрады.
АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі келесі қатысушылардан құралады:
Қазақстанда зейнетақы төлемдеріне заңды құқық күшіне енген (заңнамада белгіленген зейнет жасына толған, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрғылықты мекенжайға шығу құжаттарын ресімдеген немесе І және ІІ топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген) сәтіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, жеке зейнетақы шотына нақты салынған сомалар көлеміндегі зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуын қамтамасыз ететін (“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қам-сыздандыру туралы” Заңының 5-бабы) бірегей мемлекеттік кепілдік үлгісі қолданылады. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл мерзімі бойындағы жинақталған инфляция деңгейіне сәйкес жеке зейнетақы шотында жинақталған табыстылық есеп-теледі. Егер табыстылық инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырманы республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен алушыға бір жолғы төлеммен төлейді. Егер табыстылық инфляцияға тең немесе одан артық болса, онда мемлекеттік кепілдік төленбейді.
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйе-сінің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесу сұлбасы мынадай болады (міндетті зейнетақы жарналарының есе-бінен зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үлгісі):
АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
БЖЗҚ – бұл Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай әкімшісі және опе-раторы, оның құрылтайшысы әрі акционері Қазақстан Үкіметі тұлғасындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің “Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті” Мемлекеттік мекемесі болып табылады. “БЖЗҚ” АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр.
МИССИЯСЫ: Салымшыларға қызмет сапасын жақ-сарту, зейнетақы активтерінің шынайы есебін жүргізу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін арттыру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда ұйымдық көмек көрсету.
АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
Ғалиева Дина Төлеубекқызы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары
Дәмитов Қадыржан Қабдошұлы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
Жақыпова Светлана Қабыкенқызы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Тәшенов Бақытбек Кәкімұлы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы
Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – “БЖЗҚ” АҚ Басқарма Төрайымы
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор
01.01.2019 ж. Директорлар кеңесінің құрамы
Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызы
Басқарма Төрайымы, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қордың жалғыз акционері мен Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатпайтын барлық мәселелер бойынша Қор қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады
Егеубаева Сәуле Асқарқызы
Басқарма Төрайымының орынбасары
Стратегиялық талдау, актуарийлік зерттеулер, тәуекелдерді басқару жүйесінің атқарымдылығы мен өзектілігі, инвестициялық қоржынды талдау, өңірлік желіні дамыту және дамыту, ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамсыздандыру, мемлекеттік органдармен және мүдделі тұлғалармен әрекеттесу мәселелері бойынша жұмысқа қатысты жалпы басшылықты, үйлестіру мен бақылауды
жүзеге асырады
Мұхамеджанов Бауыржан Қайрошұлы
Басқарма Төрайымының орынбасары
Қордың ақпараттық технологиялар жұмысын жүргізу және дамыту, зейнетақы қызметтерін көрсету сервисін жақсарту және сапасын бақылау, Қордың құжат айналымы мен мұрағатын жүргізу, мемлекеттік органдармен және мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жалпы басқару, бақылау және үйлестіру қызметін жүзеге асырады
Төлегенова Жанар Қорғанбекқызы
Басқарушы директор
Салымшылар мен алушыларға хабар беру, қашықтан кеңес беру қызметін көрсету, зейнетақы активтері бойынша есеп және қаржы есептілігін жүргізу, кастодиандық шот бойынша есеп және
бақылау, зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару бойынша операциялық жұмыс, зейнетақы
шарттары бойынша бақылау, мемлекеттік органдармен, екінші деңгейлі банктермен және
мүдделі тұлғалармен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша жалпы басқару және үйлестіру қызметін жүзеге асырады
Өтеғулов Мәулен Амангелдіұлы
Басқарушы директор
Қор қызметін құқықтық қамтамасыз ету, стратегиялық талдау және даму, проблемалы активтер, сатып алуларды ұйымдастыру және
өткізу, бюджетті жоспарлау және орындалуын бақылау, әкімшілік шаруашылық қызмет, Қор
қызметіне қаржы экономикалық
талдау жүргізу мәселелері бойынша жалпы басқару, бақылау және үйлестіру қызметін жүзеге асырады
01.01.2019 ж. Басқарма құрамы
Директорлар кеңесінің қызметі туралы ақпарат
2018 жылы Қордың Директорлар кеңесінің 20 (8 күндізгі және 12 сырттай) мәжілісі өткізілген. Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің мүшелері мәжілістерге тиісті түрде қатысып, оның жұмысына белсенді араласқан. Атап айтқанда, күндізгі мәжілістерге және сырттай дауыс беруге қатысу төмендегідей болған:
- Ғалиева Дина Төлеубекқызы (100%, 100%);
- Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызы (87,5%, 91,6%);
- Дәмитов Қадыржан Қабдошұлы (100%, 100%);
- Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы (100%, 100%);
- Жақыпова Светлана Қабыкенқызы (87,5%, 75%);
- Кадюков Николай Викторович (85,7%, 72,7%);
- Тәшенев Бақытбек Хәкімұлы (100%, 0%).
2018 жылы Директорлар кеңесінің құзырына жататын 88 мәселе қаралды, негізгі шешімдердің қатарында:
- “БЖЗҚ” АҚ-тың 2017 жылға арналған Қызмет туралы есебі бекітілді;
- “БЖЗҚ” АҚ-тың 2017 жылға арналған жылдық қаржы есептілігі алдын ала бекітілді (тәуелсіз аудитор “Делойт” ЖШС-нің аудиторлық қорытындысымен);
- Қордың негізгі стратегиялық құжаттары, соның ішінде ондағы өзгертулер мен толықтырулар бекітілді;
- Директорлар кеңесінің жанындағы Комитеттердің құрамдарына өзгерістер бекітілді.
Директорлар кеңесінің жанындағы комитеттердің 2018 жылғы жұмысы:
- Аудиторлық комитет тарапынан 14 мәжіліс өткізілді, оның ішінде 1 күндізгі мәжіліс және сырттай дауыс беру арқылы 13 мәжіліс;
- Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет тара-пынан 8 мәжіліс өткізілді, оның ішінде 4 күндізгі мәжіліс және сырттай дауыс беру арқылы 4 мәжіліс;
- Кадрлар және сыйақы комитеті 3 мәжіліс өткізген, оның ішінде 1 күндізгі мәжіліс және сырттай дауыс беру арқылы 2 мәжіліс;
- Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің мәжі-лістері 2018 жылы өткізілмеген, бұл осы комитет туралы Ережеге қайшы келмейді, онда мәжілістерді қажеттілік туындаған кезде өткізуге рұқсат берілген.
Басқарманың қызметі туралы ақпарат
“БЖЗҚ” АҚ Басқармасы 2018 жылы стратегиялық тұрғыдан да, сондай-ақ қызметтің үздіксіздігін, бизнес-үдерістердің тиімділігі мен оңтайландырылуын қамтамасыз ететін тактикалық тұрғыдан да маңызды шешімдер қабылдады.
Қор Басқармасы тарапынан 99 мәжіліс/сырттай дауыс беру өткізілді, оның ішінде мәжіліс – 56, сырттай дауыс беру – 43. Қор Басқармасы 549 мәселені қарастырып, 1 178 шешім қабылдаған. Қор Басқармасы 2018 жылы 174 ішкі нормативтік құжат (ІНҚ) қарастырған, соның ішінде: 65 ІНҚ мақұлданған/алғашқы рет немесе жаңа редакцияда бекітілген, 109 ІНҚ өзектілендірілген (өзгертулер мен толықтырулар мақұлданған/бекітілген).
АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
“БЖЗҚ” АҚ-ның тәуекелдерді басқару бойынша саясаты белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге, стратегиялық жоспарларды орындауға және тәуекелдің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге септігін тигізетін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған. “БЖЗҚ” АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесі қаржылық және операциялық тәуекелдерді кешенді басқаруды, оларды дер кезінде анықтауды, тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша жедел шаралардың қолданылуын қамсыздандыруды көздейді.
Қаржылық тәуекелдерді басқару
Қаржылық тәуекелдерді басқару нарықтық, пайыздық, елдік және кредиттік тәуекелдерді, сондай-ақ Қордың меншікті активтерін инвестициялауға байланысты өтімділіктен айрылу тәуекелін басқару әдістерін қамтиды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұлғасындағы зейнетақы активтерін сенімді басқарушы зейнетақы активтерінің қоржыны бойынша тәуекелдерді басқару жүйесінің¹ болуын қамтамасыз етеді.
Жалпы, портфельдің инвестициялық сапасын “БЖЗҚ” АҚ қолайлы деп есептейді, мұны кредиттік рейтинг түріндегі маңызды индикатор бойынша жағдай растайды. Зейнетақы активтерінің шамамен 71%-ы (рейтингтік агенттіктердің ұлттық және халықаралық шәкілдері бойынша бағалаулары ескерілген және екі немесе одан артық баға болғанда, есептеу барысында ең жоғары баға ескеріледі)² рейтингтері “ААА”-дан “BBB-”-қа дейін, тәуекел деңгейі ең төмен қаржылық құралдарға орналастырылған, ал 11,6%-ның тәуекел деңгейі орташа (рейтинг “ВВ+”-дан “В-”-ға дейін). 01.04.2017 ж. бастап рейтингтері “ААА”-дан “BBB-”-қа дейінгі қаржылық құралдар үлесінің 64,35%-дан 71%-ға дейін ұлғаюының оң серпінін байқаймыз. 01.01.2019 ж. жағдай бойынша бағалы қағаздардың рейтингтік бағалары болмауына қарамастан 1 354,7 млрд теңге көлеміндегі қаржылық құралдар эмитенттердің барабар кредиттік рейтингтеріне ие.
¹ 2013 ж. 26 тамыздағы “БЖЗҚ” АҚ Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 4.1.8-тармағы.
² Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы ҚРҰБ Басқармасының 2013 ж. 26 шілдеде бекітілген № 199 қаулысына сәйкес.
Проблемалық зейнетақы активтері тұрғысынан 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 20 проблемалық эмитент бойынша жалпы берешек сомасы өзінің атаулы құны бойынша 38,8 млрд теңгені құрайды. 2014–2018 жж. аралығында Қор алдында өтелген берешектің жалпы сомасы 17 577 млн теңгені құраған, оның ішінде: 2014–2016 жж. – 1 475,4 млн теңге, 2017 ж. – 1 248,5 млн теңге, 2018 ж. – 14 853 млн теңге. Қор 2018 жыл бойы зейнетақы активтерін қайтару бойынша белсенді жұмысын жалғастырып келді және бұл мәселе төңірегінде өз ниетіне беріктігін растады.
“БЖЗҚ” АҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорын басқару жөніндегі кеңеспен алдын ала мақұлданып, ҚР Үкіметімен бекітілген, рұқсат етілген қаржылық құралдар тізіміне негізделетін “БЖЗҚ” АҚ-ның Инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, зейнетақы активтері бойынша инвестициялау шектерінің бұзылуы анықталмаған.
2016 жылдан бастап Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру бойынша зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кезеңдеп ұлғайту және сақтау негізінде белсенді жұмыс атқарып келеді. Осылайша, 01.01.2019 ж. жағдай бойынша Қордың ЗА қоржынында шетелдік валютадағы қаржылық құралдардың үлесі 32,77%-ды құрады, ал 2017 жылдың нәтижелері бойынша бұл көрсеткіш 27,71%-ды құраған. Зейнетақы активтері портфелінің валюталық бөлігін жаңа стратегиялық бөлу аясында 2018 ж. 12 наурызда “БЖЗҚ” зейнетақы активтерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімді басқаруындағы 220,0 млн АҚШ доллары көлеміндегі бір бөлігі “Дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары” мандаты бойынша Aviva Investors Global Services Limited сыртқы басқарушысына табысталды. Басқару тиімділігін арттыру мақсатында жекелеген мандаттар аясында сыртқы басқарушылар санын арттыру жоспарланып отыр. Бұл тәжірибе әлемнің жетекші зейнетақы қорларымен бұрыннан қолданылып келеді.
“БЖЗҚ” АҚ-ның зейнетақы активтері сияқты меншікті активтері де 2017 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімді басқаруында. Бұл ретте Қордың жекеменшік активтеріне қатысты Ұлттық Банктің инвестициялық стратегиясы “БЖЗҚ” АҚ Директорлар Кеңесімен бекітілген “БЖЗҚ” АҚ жекеменшік активтерін инвестициялау саясатымен” белгіленген лимиттер мен шектеулерге негізделеді. Саясатта эмитенттің рейтингтеріне қойылатын талаптар, бір эмитенттің қаржылық құралдарына орналастыру көлемі мен тізімі бойынша шектеулер бекітілген, соның арқасында ең төмен тәуекел деңгейімен инвестициялау қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде Қордың жекеменшік капиталын сақтауға көмектеседі. Жекеменшік активтерге қатысты қолданыстағы инвестициялық стратегия ең алдымен сақталуды қамсыздандыруға бақытталады және активтерді инвестициялау барысындағы консервативті тәсілді көрсетеді. Атап айтқанда, стратегия көбіне тек “тәуекелсіз” (немесе тәуекел деңгейі ең төмен) қаржылық құралдарға орналастыруды көздейді: Қазақстан Республикасының МБҚ, ҚРҰБ-дағы депозиттер, ХҚҰ (халықаралық қаржы ұйымдары) облигациялары; кредиттік рейтингі “егемендіден” төмен емес агенттік облигациялар (ұлттық холдингтермен шығарылатындарын қоса алғанда).
2018 жылдан бастап “БЖЗҚ” АҚ-ның жекеменшік актив-тері тұрғысынан енгізілген жаңа ҚЕХС 9 стандартына сәйкес “күтілетін кредиттік залалдар” үлгісі негізінде қаржылық құралдарды құнсыздандыру жүзеге асыры-лып келеді. Жалпы “БЖЗҚ” АҚ-ның жекеменшік активтері бойынша кредиттік тәуекел “қолайлы” деп бағаланады, себебі, жекеменшік активтер қоржынының 100%-ы эмитенттерінің кредиттік рейтингі “ВВВ-”-тен төмен емес қаржылық құралдарға орналастырылған. Осылайша жекеменшік активтер бойынша провизиялар ең төмен деңгейде, яғни “12 ай бойы күтілетін кредиттік залалдар” шегінде құрылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Қордың атқарушы органы мен басқарушы органын тәуекелдер туралы және оларды барынша азайту бойынша шешімдер туралы уақытылы ақпаратпен қамтамасыз ететін үдерістер мен рәсімдер жүйесін қамтиды. Қордың тәуекелдерін басқару үдерісінің негізгі элементі оны ұйымның ерекшеліктерімен, қызметінің негізгі қағидаттарымен, бизнес-үдерістерімен ықпалдастыру, әрбір қызметкердің тәуекелдерді басқару үдерісіне қатыстырылуы, Қордың тәуекелдерін басқарудың корпоративтік жүйесінің (бұдан әрі — ТБКЖ) жұмысының бірізділігі мен үздіксіздігі болып табылады. Қазіргі кезде ТБКЖ құрылымы тәуекелдерді басқарудың төрт деңгейінен құрылады: Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекел-менеджмент департаменті (ТМД), құрылымдық бөлімшелер (тәуекел иелері).
Операциялық тәуекелдер. “БЖЗҚ” АҚ өз қызметінде операциялық тәуекелдерге ұшырап тұрады. Қаржылық емес тәуекелдер маңызды залал қауіпін төндіріп, соның ішінде Қордың бедел-абыройына залал тигізіп, жағымсыз шығындарға әкеледі. “БЖЗҚ” АҚ операциялық тәуекел-менеджменттің әртүрлі құралдарын әзірлеп, оларды өз қызметінде пайдаланады:
- Қордың операциялық тәуекелдері бойынша оқиғаларды жинау және талдау жүзеге асырылады. Тәуекелді оқиғалар Тәуекелді оқиғалар журналына (орталықтандырылған деректер қорына, бұдан әрі — ТОЖ) тіркеледі де, анықталған оқиғаның себебі мен табиғатына байланысты жіктеледі. Олар Қордың бизнес-үдерістерінде, жүйелерінде, бөлімшелері мен филиалдарында неғұрлым жиі кездесетін мәселелер мен осал жерлерді анықтап, операциялық тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шараларды қабылдау үшін қолданылады;
- Операциялық тәуекелдердің өзін-өзі бағалауы іске асырылған және әлеуетті операциялық тәуекелдерді, Қордың құрылымдық бөлімшелеріндегі операциялық тәуекелдерді басқару деңгейін сәйкестендіру және бағалау, анықталған тәуекелдерді кейінгі бақылау (бақылау жүйелеріндегі кемшіліктерді анықтау, бақылау ортасының сапасын бағалау) тиімділігін бағалау мақсатында қолданылады және тікелей құрылымдық бөлімшелерімен өткізіледі. Өзін-өзі бағалау нәтижелері тәуекелдер мен ішкі бақылау матрицасы және Қордың әлеуетті тәуекелдерінің картасы түрінде көрсетіледі, оның негізінде тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралары алдын алу қабылданады;
- Тәуекелдер картасы ТОЖ деректері (тіркелген тәуекелді оқиғалар) мен тәуекелдер және бақылаулар (әлеуетті тәуекелдер) матрицасы негізінде қалыптасады және ықпал мен ықтималдық көлемдерін, тәуекел түрлері мен деңгейлерін тәуекелдер қозғалысының өзгерістері серпінінде бағалау нәтижелері және белгілі бір уақыт аралығында тәуекелдерді барынша азайту бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі негізінде тәуекелдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді;
- Қор үшін түрлі бағыттарда тәуекелдердің пайда болуының шынайы қауіпін көрсететін және тәуекелдердің пайда болу ықтималдығы туралы белгі беретін негізгі тәуекел индикаторларының шекті деңгейлерінің көрсеткіштеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Тәуекелдің негізгі индикаторлары әлеуетті тәуекелдерді алдын ала сәйкестендіруге және, оларға жауап қайтаруға мүмкіндік береді;
- Тәуекелдердің іске асырылу себептерін жоюға және тәуекелді оқиғалар мен әлеуетті тәуекелдер іске асырылған жағдайдағы салдарды барынша азайтуға бағытталған Тәуекелдерді барынша азайту іс-шараларының жоспары әзірленіп бекітіледі.
Тәуекелдерді басқару барлық ұйымдық үдерістердің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан төмендегі іс-әрекеттер арқылы бизнес-үдерістерді оңтайландыру бойынша шаралар орындалды:
- Қордың бизнес-үдерістерін және тәуекелдер мен бақылаулар матрицасын талдау және қайта инжинирингтеу нәтижелері бойынша бірінші және екінші деңгейлі бизнес-үдерістердің үлгілерін (блок-сұлба түрінде) қалыптастыру;
- басқарушылық есептілігінің ағындарын жүйелендіру нәтижелері бойынша қайталануға жол бермей, басқарушылық есептілігін өзектілендіру;
- мүдделердің ықтимал қақтығысын дер кезінде анықтау және бағалау үшін мүдделердің ықтимал қақтығысын басқару бойынша ережелерді қайта қарау.
Тәуекелдерді басқару – бұл статикалық үдеріс емес, бұл Қор қызметінің алуан түріне қатысты өзара байланысқан іс-шаралардың үздіксіз және қайталанатын бірізділігі. – бұл статикалық үдеріс емес, бұл Қор қызметінің алуан түріне қатысты өзара байланысқан іс-шаралардың үздіксіз және қайталанатын бірізділігі.
Төрайымының алғысөзі
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен.